вторник, 23 августа 2016 г.

09.07.2016

Бүгін ауылдағы соңғы күнім. Ауыл мен Қарағандының арасы 650 км. Сондықтан, біз таңертең шығуды жөн көрдік. Ауылдың тіршілігіне мен үйреніп қалдым. Әдеттегідей, бізді жақсы шығарып салды. Ауылдағы демалыс маған өте қатты ұнады. Бұл жерде адам қаланың тіршілігінен демалады. Мен ғаламтор мен телефонның не екенін ұмытып қалдым десе де болады. Қысқасын айтқанда, ауыл адамға жақсы әсер етеді.

08.07.2016

Ауылдағы тіршілік сол күйі жүріп жатыр. Мен болсам, соған атсалысып жүрдім.

07.07.2016

Бүгін ағам қой сойды. Бұл үдерісті мен өз көзіммен көрген жоқпын. Себебі, оның алдында көрген болатынмын. Бұл қызықты емес.Оның орнына кішкентай егіздерді бағуды жөн көрдім. Кешке біз бесбармақ жедік.

06.07.2016

 Бүгін апамның үйіне тәтем отбасымен келді. Тәтемнің жуырда егіз балалары туды. Қыз және ұл. Кішкентай егіздерді өмірімде бірінші рет көрдім. Олар өте сүйкімді. Күні бойы оларды бақтым.

05.07.2016

Бүгін мен ерте тұрып, сиыр саудым. Жеңгеме менің үлесім көп тиді деген ойдамын.

04.07.2016

Бүгін біз ауылды араладық, туыстарымыздың үйлеріне бардық, туыстарымды сағынғанымды түсіндім. Олармен уақыт өте қызықты өтеді.

03.07.2016

Бүгін Мөлдір деген сіңілімнің туған күні. Ол беске келді. Біз отбасымыздан оған алтын сырға силадық. Сол күні ол құлағын тесті. Сіңілімнің қуанышында шек болған жоқ. Үйге қонақтар келді, кеш қызықты өтті.

02.07.2016

Бүгін мен өзімді мұғалім рөлінде сезіндім. Себебі, мен сіңілімді сандарды жазуға үйреттім. Ол осы жылы мектепке барады. Аздап сандарды жазуды үйренді.

01.07.2016

Бүгін біз туыстарымызбен бірге көлде шомылдық. Осы жаз бойы бірінші рет суда жүздім.

31.07.2016

Бүгін мен түске қарай тұрдым. Себебі, қатты шаршап кеткен болатынмын. Тұрған соң біз кілемді жудық. Бұл процесс өте қызықты өтті. Әрі, біраз денемді шынықтырып алдым. Апамның үйінде ғаламтор болған жоқ, сондықтан, телефонды қолымда сирек ұстайтын болдым.

30.07.2016

Бүгін мен әжем өсіріп жүрген сәбіздерді суардым. Сонымен қатар, осы үйде жылыжай бар. Бұл жерде қияр өседі.

29.07.2016

 Бүгін жеңгем, бауырларымызбен құрт жасадық, олар өте дәмді болып шықты.

28.07.2016

Бүгін мен ерте тұрып, ағама және сіңіліме сиырды өріске айдауға көмектестім. Жолда біздің артымыздан ит қуды, ал мен иттерден өте қатты қорқамын. Біз олардан қашып кеттік. Одан кейін мен бауырларыммен өріске бармаймын деп шештім.

27.07.2016

Бүгін практиканың және менің ауылдағы бірінші күнім. Таңертең біз Ақжар ауданына келдік. Былтырғы практиканы да осы ауылда өткіздім. Нағашыларымның ауылы одан әрі көркейіп кетті. Үйлер көбейді.Бірінші күні, әдеттегідей, мен көп жұмыс істеген жоқпын. Әжемнің үйінде кішкентай күшік пайда болды. Мен оған тез бауыр басып кеттім. Менің ойымша, ауылдың қызықтары енді басталады.