вторник, 23 августа 2016 г.

09.07.2016

Бүгін ауылдағы соңғы күнім. Ауыл мен Қарағандының арасы 650 км. Сондықтан, біз таңертең шығуды жөн көрдік. Ауылдың тіршілігіне мен үйреніп қалдым. Әдеттегідей, бізді жақсы шығарып салды. Ауылдағы демалыс маған өте қатты ұнады. Бұл жерде адам қаланың тіршілігінен демалады. Мен ғаламтор мен телефонның не екенін ұмытып қалдым десе де болады. Қысқасын айтқанда, ауыл адамға жақсы әсер етеді.

08.07.2016

Ауылдағы тіршілік сол күйі жүріп жатыр. Мен болсам, соған атсалысып жүрдім.

07.07.2016

Бүгін ағам қой сойды. Бұл үдерісті мен өз көзіммен көрген жоқпын. Себебі, оның алдында көрген болатынмын. Бұл қызықты емес.Оның орнына кішкентай егіздерді бағуды жөн көрдім. Кешке біз бесбармақ жедік.

06.07.2016

 Бүгін апамның үйіне тәтем отбасымен келді. Тәтемнің жуырда егіз балалары туды. Қыз және ұл. Кішкентай егіздерді өмірімде бірінші рет көрдім. Олар өте сүйкімді. Күні бойы оларды бақтым.

05.07.2016

Бүгін мен ерте тұрып, сиыр саудым. Жеңгеме менің үлесім көп тиді деген ойдамын.

04.07.2016

Бүгін біз ауылды араладық, туыстарымыздың үйлеріне бардық, туыстарымды сағынғанымды түсіндім. Олармен уақыт өте қызықты өтеді.

03.07.2016

Бүгін Мөлдір деген сіңілімнің туған күні. Ол беске келді. Біз отбасымыздан оған алтын сырға силадық. Сол күні ол құлағын тесті. Сіңілімнің қуанышында шек болған жоқ. Үйге қонақтар келді, кеш қызықты өтті.